02/06/2018
Кітап оқудың пайдасы 📚📚
Кітап оқуды қашанда пайдалы іске жатқызатыны бәрімізге мәлім. Ал сізге біреу «кітап оқудың қандай пайдасы бар?» десе, қанша дерек келтіре алар едіңіз? Әдетте, адамның ойына 5-тен артық тарау келмейді. Сондықтан назарларыңызға осы мәселені тереңінен ашатын жаднама ұсынамыз:
1. Ойды дамытады. Кітап оқудың басты пайдасы – ой-өрісімізді кеңейтеді. Себебі шығарманы оқу кезінде біз басты идеяны, сюжетті түсіну үшін терең ойға түсеміз. Одан жарқын ой тізбегін түйсінеміз.
2. Күйзелістен арылтады. Қазіргі заман күйінде адамдардың басты мәселелерінің бірі – күйзеліс, депрессиядан құтылу. Бұл мақсатта қиял-ғажайып, фантаст жанрындағы кітаптарды оқу жақсы көмекші болады.
3. Сөздік қор көбейе түседі. Әртүрлі жанрдағы еңбектерді оқығанда күнделікті қолданбайтын сан түрлі сөздермен танысасыз. Егер бір сөзді білмей жатсаңыз, сөздік ала жүгіру міндет емес. Кейде белгілі бір терминді түсіну үшін сөйлем не жалпы идеяны білу жеткілікті. Кітапты неғұрлым жиі оқысаңыз, тіл байлығыңыз соғұрлым дами түседі.
4. Альцгеймер ауруының алдын алады. Соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша, кітап оқу ми ауруының алдын алуға көмектеседі екен. Себебі, оқу кезінде миыңыздың белсенділігі арта түседі. Ал бұл оның жағдайына жақсы әсер етеді. Сондай-ақ созылмалы аурулардың жазылуына себепкер болады. Кітаптағы шығарманы талқылау әрі жағымды оқиғаларымен бөлісе оқысаңыз ағзаға сіңген аурудан сауыға бастайды.
5. Сенімділік ұялатады. Белгілі бір мәселе талқысында біліктілігімізді танытсақ, өзімізге сенімділік пен мінез-құлықта жинақылық байқалады.
6. Шығармашылықты дамытады. Алғыр (креативті) адамдар бір сәтте бірнеше идея ұсына білуімен ерекшеленеді. Ал ол идеялар қалай туындайды? Әрине, оның қайнаркөзі - кітап. Шығарманы оқу барысында сіз жүзеге асқан біраз идеялардың «куәсі» боласыз, соның арқасында жаңа біліммен сусындайсыз.
7. Ойлау мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Оқу барысында біз кейіпкерлерді, киімін, мінезін, бет-әлпетін, қоршаған ортасын елестетеміз. Сонымен қатар оқиғаны толық түсіну үшін есте сақтауға тырысу керек. Осындай әрекет есте сақтау мен ойлау қабілетін дамытады.
8. Зейін қойып оқуды үйретеді. Шығарманың мазмұнын дұрыс түсіну үшін зейін қойып оқу керек. Бұл қабілеттің сізге кез-келген жерде, қызметте пайдалы болатыны сөзсіз. Сондай-ақ кітап оқу объективті болуды әрі дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.
9. Кітап оқыған сайын жақсылық пен жамандықты айыртып, жаратылыстың тылсым сыры мен қырына қанықтырып, өмірдегі адамзат өмірінің мəніне бойлатады. Өзіңе және айналаңа құрмет қарауға үйретеді. Қоғамда өз орныңды табуға, яки өмір сүрудің мəні мен мағынасын екшеп, тіршілік тізгінін өз қолыңа алуға үйретеді.
10. Кітапты көп оқу адамда салихалық әрі көркем көрегендік қадір-қасиеттерді арттыра түседі. Оқумен санаға сіңіру мәдениеттілік пен парасаттылыққа алып келеді. Әрине өмір тәжірбиесінде пайдалана отырып, Абайдың сөзінде: "Адасқанның алды жөн, арты соқпақ", деген өсиетіндей өмірде өзгеруге ешқашан кеш емес.