Makpal_buket

Makpal_buket Мобилография | Инстаграм оффлайн обучение

30/07/2026
30/07/2026

«Неге әр жолы бастап, қайта тастап кетеміз?»

Бұрын менің мақсаттарым өте үлкен болатын.

«Енді нан жемеймін.»
«Тәтті жемеймін.»
«Тек дұрыс тамақтанамын.»
«Бірден арықтаймын.»

Бірақ шыны керек…

Мұндай мақсатқа көбіне 2–3 күн ғана шыдайтынмын.

Сосын ағза өзіне жетпегеннің орнын толтырғысы келеді.

Бір кезде бәрін жеп қоясың.

Содан кейін тағы да өзіңді кінәлайсың.

Бірақ мәселе сенде емес.

Мәселе — өзіңе бірден тым ауыр мақсат қоятыныңда.

Мен түсінген ең маңызды нәрсе осы болды:

Мақсат үлкен емес, орындалатын болуы керек.

Мысалы:

«Осы аптада мен тек таңғы асыма мән беремін.»

Болды.

Тек осы бір әрекет.

Таңғы ас дұрыс болса, күннің қалған бөлігінде де дұрыс таңдау жасау әлдеқайда жеңіл болады.

Кішкентай жеңістер үлкен нәтижеге бастайды.

Ал тым ауыр мақсаттар көбіне сені қайтадан бастапқы нүктеге алып келеді.

Сондықтан бүгін өзіңнен:

«Мен дәл қазір еш қиналмай орындай алатын бір ғана әрекет қандай?» – деп сұра.

Сол әрекетті мақсат ет.

Өзіңе шынайы бол.

Үлкен өзгерістер көбіне дәл осындай кішкентай қадамнан басталады.

Сіз таңертең таңғы ас дайындауға уақытыңыз бар ма? Комментке жаза кет🤗
30/07/2026

Сіз таңертең таңғы ас дайындауға уақытыңыз бар ма? Комментке жаза кет🤗

29/07/2026

Address

Янушкевича
Tselinograd
010000

Telephone

+77473773015

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Makpal_buket posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category